«Жас қыран»

Без рубрики
Бөлісу

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ жанынан «Жас қыран» жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымын құру мақсатында 2024 жылдың 27 ақпан күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде салтанатты жиын өтті. Жиын қонақтары:
1. Тәңкебаев Жұмахан Мақашұлы – облыстық мәслихаттың депутаты, «АМАНАТ» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы;
2. Төлендиев Қасымхан Естемесұлы – «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі, Жамбыл облысының филиалының төрағасы.
Жиын барысында колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, колледж түлегі Серікұлы Еркебұланның құрастырған «Білімнің маңызы» атты мультфильмі көрсетілді. Жиын қонақтары қоғамның құқықтық мәдениетін көтерудің маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық, әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша парақорлықтың үлкен үлесі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен байланысты екенін айтты. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Қуанышбекова өнегелі өсиетімен, ағалық ақыл-кеңес берген қонақтарға үлкен алғысын білдірді. Студенттерге бопсалау немесе қандай да бір заңсыздық болған жағдайда, еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке САLL-орталықтың 1424 телефон нөміріне хабарласып, өзінің азаматтық борышын орындай алатындықтарын ескертіп, жемқорлықпен қоғам болып күресуге шақырды.
Сондай-ақ, «Жас қыран» жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымының мақсат-міндеттерімен таныстырып, жаңа құрылып жатқан ұйымға төраға тағайындап, белсенді студенттерді қабылдау рәсімі салтанантты түрде өткізілді. Колледждің белсенді жастары: Студенттік Парламент төрағасы-Қуанышбай Мейрман Жарылқасынұлы, «Жас қыран» ұйымының төрағасы Әбдіқұл Нұрсағи Атымжанұлы және «Саналы ұрпақ» студенттік клубының белсенді мүшесі Бақыт Диана Саматқызы жиын қонақтарына алғыс айтып, жаңа ұйымның жұмысын барынша жандандыратындарын жеткізді.

 

https://www.instagram.com/reel/C365iENvBhw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==