13.05.2026 ж. «Мейіргер ісі» бөлімінің 140 ҚБ-11/25 тобының кураторы Бешли Оглы Х.Б. «Интернет ойындары мен бәс тігудің зияны» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: студенттерге интернет ойындары мен бәс тігудің адам өміріне, денсаулығына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік ортасына тигізетін зиянын түсіндіру.
Сонымен қатар, жастарды уақытты тиімді пайдалануға, салауатты өмір салтын ұстануға, жауапкершілікке және зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттердің интернетті қауіпсіз әрі мәдениетті пайдалану дағдыларын қалыптастыру.


