2026 жылдың 12 мамырында Халықаралық мейіргерлер күніне орай «Мейірім шуағы – мейіргер қолында» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.Іс шараның негізгі кезеңі Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызының құттықтау сөзімен ашылды.
Іс-шара барысында студенттерге Флоренс Найтингейл туралы танымдық бейнеролик ұсынып, мейіргерлердің еңбегі жайлы әсерлі көріністер көрсетілді. Сонымен қатар ән шырқалып, би биленіп, «Аялайық мейіргердің жүрегін» атты жүрекке жетер өлең оқылып, мерекелік кештің мазмұнын арттыра түсті. Мейіргерлер күніне орай өткізілген іс шара мейіргер мамандығының маңыздылығын дәріптеп, жас ұрпақтың мамандыққа деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыруға септігін тигізді. Мерекелік шара барысында Бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан мейіргерлерге жылы лебіздер айтылып, кәсіби мерекелерімен құттықтап сыйлықтар берілді.
Ақ халатты абзал жандардың еңбегі әрдайым еленіп, мәртебесі биік болсын! Барша мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Іс шараға жауапты: “Мейіргер ісі” 204М-9/24 топ
Кураторы:Септесін Г.Қ.














