15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Әкем, анам және мен» атты ата-аналармен бірлескен эстафеталық жарыс колледждің спорт алаңында жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты – отбасы мүшелері арасындағы татулық пен бірлікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты арттыру.
Отбасылық эстафеталық жарысқа бес отбасыдан құралған «Шаңырақ», «Бақытты отбасы», «Бірлік-1», «Бірлік-2» және «Әулие ата» командалары қатысты.
Жарыс барысында қатысушылар түрлі спорттық кезеңдер бойынша бақ сынап, ұйымшылдықтары мен белсенділіктерін көрсетті. Әр отбасы көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Шара қорытындысы бойынша:
«Шаңырақ» командасы – І орын;
«Бірлік-1» және «Әулие ата» командалары – ІІ орын;
«Бақытты отбасы» және «Бірлік-2» командалары – ІІІ орын иеленді.
Жеңімпаздар мен қатысушылар студенттер кәсіподақ ұйымы ұсынған бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық отбасыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірілді.
Осындай игі шаралар отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін айқындай түседі.
Жауаптылар: №3 жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру ЦӘК төрайымы М. Досжанова, әлеуметтік педагог А. Буксукбаева.







