«Дін және дәстүр» тақырыбында кездесу.

Бөлісу

Колледжімізде 1 курс студенттеріне арналған «Дін және дәстүр» атты тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастарға дін мен ұлттық дәстүрдің байланысын түсіндіру, рухани құндылықтарды насихаттау және теріс діни ағымдардың алдын алу.
Кездесу барысында студенттерге қазақ халқының салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәні, ислам дінінің адамгершілікке тәрбиелеудегі орны туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, жастар арасында жиі кездесетін діни сауатсыздықтың алдын алу, ақпаратты сенімді көздерден алу мәселелері талқыланды. Іс-шара қонағы – Жамбыл облыстық әкімдігіне қарасты дін проблемаларын зерттеу орталығының теологы Рахымжанұлы Нұрдос студенттердің сұрақтарына жауап беріп, пайдалы ақпараттармен бөлісті. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттер белсенділік танытты.
Жауапты: Діни сауаттылықты дамыту кеңесінің жетекшісі Даулетбекова А.Б.