26.03.2026 жыл күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Комплаенс офицерінің ұйымдастыруымен колледж қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде әсіресе білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында: «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделік таныта отырып қатысуы керек» делінген. Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы үшін құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу тәрбиесімен қамтамасыз ету қажет.

