2026 жылғы 11 маусымда Жамбыл жоғары медициналық колледжі Байқау кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Байқау кеңесінің мүшелері Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Назарбек Сержан Сәрсенбекұлы, Жамбыл облысы бойынша фармацевтикалық қызметті қолдану және дамыту Ассоциациясының төрайымы Айтқұлова Ляззат Оңғарқызы, «Фридом банк Казахстан» Тараз қаласы бойынша филиалының бөлім басшысы
Алимбеков Бахтияр Жүнісұлы, «Neuro Vita» медициналық орталығының директоры Айтбаева Айгүл Қалдыбайқызы, қашықтықтан бейнеконференц байланыс ZOOM арқылы ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Кенжеханова Алмагуль Жумахановна қатысты. Сонымен қатар, отырысқа шақырылғандар – Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы, колледждің бас есепшісі Умирзакова Ботагоз Марковна, облыс бойынша корпоративтік басқару жөніндегі үйлестіруші Сапаралиев Даулет Токтасынович.
Күн тәртібінде байқау кеңесінің төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Байқау кеңесінің мүшесі Назарбек Сержан Сәрсенбекұлы Айтбаева Айгүл Қалдыбайқызының кандидатурасын ұсынды. Отырыста байқау кеңесінің төрайымы болып «Neuro Vita» медициналық орталығының директоры Айтбаева Айгүл Қалдыбайқызы сайланды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша директор Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы колледждің басшы қызметкерлерінің лауазымдық үстемақы мөлшері мен ынталандыру төлемдерін тағайындауға негіз болатын 2026 жылғы І тоқсанда индикаторлардың орындалуы туралы баяндады. Сержан Сәрсенбекұлы индикаторлардың көрсеткіштерін қайта қарап, келесі тоқсанда жаңа көрсеткіштер бойынша ақпарат дайындауды табыстады. Байқау кеңесінің отырысында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 2026-2030 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары қаралды. Колледждің стратегиялық даму жоспары – бұл бағдарламалық-мақсатты басқарумен бірге жүретін білім беру ұйымындағы жүйелік, тұтас өзгерістерді бейнелейтін маңызды стратегиялық құжат. Бұл құжатта білім беру ұйымының даму бағыттары және оларды жүзеге асырудың мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер және жетістік индикаторлары айқындалған. Байқау кеңесінің мүшелері құжатты талқылап, бірауыздан қолдады.
Колледждің бас есепшісі Умирзакова Ботагоз Марковна «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК 2025 жылға қаржы есебін ұсынды. Сонымен қатар, «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК 2026 жылға Даму жоспарын бірінші нақтылау талқыланды.
Байқау кеңесі мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, айтылған ескертулерді назарға алып, тиісті шешімдер қабылдады.
Байқау кеңесінің хатшысы
Арғынбекова Толқын Тешебайқызы




