«Білім беру ортасындағы жанжалды қатынастардың себептері, шешу стратегиясы, алдын алу әдістері» тақырыбында өткен облыстық семинары

Бөлісу

2026 жылдың 16 қыркүйек күні Жамбыл облысында медиация институтын дамыту,  дауларды шешудің бейбіт жолдарын ұсынып, тараптар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде  «Білім беру ортасындағы жанжалды қатынастардың себептері, шешу стратегиясы, алдын алу әдістері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарға мемлекеттік органдар, жергілікті билік органдары, Жамбыл облысы бойынша колледж директорлары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, медиаторлар, БАҚ өкілдері, педагогтар мен студенттер шақырылып, барлығы 93 адам қатысты.

Алғы сөзді Жамбыл жоғары медициналық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Ляззат Тұрарқызы алып, семинарға келген қонақтарды таныстырды және тақырыптың өзектілігіне тоқталды. Семинар модераторы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымының докторы, профессор Бузаубакова Клара Джайдарбековна семинар бағдарламасымен таныстырып, арнайы шақырылған қонақтар: Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Отарбай Лаура Отарбайқызы, және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» КММ басшысы Сапарғали Айбар Мэлсұлы және Жамбыл облысының ҚХА медиаторы, Жамбыл облысының әкімдігі білім басқармасы жанындағы білім беру ұйымдарының медиаторлар кеңесінің төрайымы Көшекбаева Ғайни Ақылбекқызына сөз берді.

Семинар барысында 2 колледж бен 7 мектеп медиаторлары әрбір білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан жұмыстарын таныстырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен дауларды бейбіт жолмен шешуде маңызды роль атқаратын медиациялық қызметтің жұмысын жандандыруға бағытталған облыстық семинар еркін сұхбат пен пікіралмасумен аяқталды.