30.09.2026 ж, Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Тәрбие бөлімінің ұйымдастырумен, «Балауса» қыздар клубы «Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулық» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: жасөспірімдерге репродуктивті денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру, ерте жүктіліктің алдын алу, жеке бас гигиенасын сақтау, жауапты мінез-құлық қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Дәріс барысында студенттерге репродуктивті денсаулық ұғымы, жасөспірім кезеңіндегі физиологиялық өзгерістер, ерте жүктіліктің денсаулыққа және әлеуметтік жағдайға ықтимал әсерлері, жүктіліктің алдын алу жолдары, сондай-ақ медициналық мамандарға уақытылы жүгінудің маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
Дәріс соңында студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, тақырып бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Дәріс барысында білім алушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, дұрыс шешім қабылдау және қажет болған жағдайда медицина мамандарынан кеңес алу қажеттілігі түсіндірілді.
Жауаптылар: тәрбие бөлімі.
#ПҚ







