Бағдарлау конференциясы

Бөлісу

«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК 2026- 2027 оқу жылы            студенттерді кәсіби білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында медициналық ұйымдарға диплом алды практикаға жіберу туралы 06.10.2026 ж. бағдарлау конференциясы өткізілді.

Директордың оқу- өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Андакулова К. Т.  Дипломалды практика: «Элективті мамандықтар бойынша мейіргерлік іс дағдыларын дамыту» 436 ҚБ-11/23, 437 ҚБ-11/23, 439 ПБ-11/23,  «Мейірбике ісінің басым бағыттары бойынша құзыреттерді дамыту» 242 ҚБ-1,6/26 тобына  диплом алды практика барысын студенттерге практикадан өту тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сырт келбет және киім үлгісі, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, этика және деонтология, ішкі тәртіп ережелері, төтенше жағдайлар және қауіпсіздік техникасы медициналық ұйымға бару алдында студенттерге жүргізілетін нұсқаулықпен таныстырды.

Практикадан өту талаптарын, практика күнделігін жүргізуді түсіндірді.

Колледждің офис- регистратор басшысы Бибосынова С.Г. 2026- 2027 оқу жылы түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестацияны тапсыру ережелері, талаптары, қайта тапсыруы  туралы ақпаратты,  сонымен қатар студенттердің дайындығы туралы мәселелерді ұсынды.

Бағдарлау конференциясына бөлім меңгерушісі Бахаева А.Д., әдістемелік жетекшілер, топ кураторлары және бітіруші топ студенттері қатысты.

2026- 2027 оқу жылында қорытындысымен  «Мейіргер ісі» мамандығы, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша қысқы шығарылым  түлектерінің саны 82 студент.