«MedSkills Atyrau-2026»

Бөлісу

1-2 қазан 2026 жыл Атырау қаласында  Атырау жоғары медициналық колледжінің базасында «MedSkills Atyrau-2026» II Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді. Байқау «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша,  «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері арасында ұйымдастырылып, еліміздің 16 өңірінен сарапшылар жұмыс атқарып, қатысушылар бақ сынады. Бұл чемпионатта – білім мен біліктіліктің, шапшаңдық пен тәжірибенің тартысы болды, әр қатысушы өз кәсіби дағдыларын шынайы жағдайда көрсетті. Жамбыл жоғары медициналық колледжінен 403 топ  студенті Бөкенбай Ақмаржан Бөкенбайқызы қатысып, чемпионатта жоғары нәтижеге қол жеткізіп, кәсіби біліктілігі мен тәжірибесін көрсетіп, бірінші вице-министр 

Т. Сұлтанғазиевтың I дәрежелі  дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!

«MedSkills Atyrau-2026» II республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының жоғары деңгейде өтуіне қосқан елеулі үлесі, кәсіби қолдауы және белсенді ынтымақтастығы үшін жетекшілері: Мухажанова Раушан Джамашевна, Кудебаева Эльмира  Жандарбековна Алғыс хаттармен марапатталды. Токташева Жаннат Абзелбековна  чемпионатта бағалау құрамында сарапшы болып  жұмыс жасағаны үшін Сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!