2026 жылдың 6 қазан күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің ұжымы «6 қазан – Қазақстандағы Бухгалтерлер күні» мерекесімен колледж есепшілерін құттықтау концертін өткізді. Іс-шара барысында директордың уақытша міндетін атқарушы Қуанышбекова Ляззат Тураровна мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мураталиева Нуржамал Мухтаровна жылы лебіздерін айтып, студенттер әсем әндер шырқады. Колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтар табысталды.
Құрметті бухгалтерлер мен қаржы саласының мамандары!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бухгалтерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бухгалтерия – кез келген ұйымның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, үлкен жауапкершілік пен аса ұқыптылықты талап ететін маңызды сала. Әрбір санның артында сіздердің еңбектеріңіз, төзімділіктеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіз тұр.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! 




