Жамбыл жоғары медициналық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы, Ақпараттық технологиялар орталығының меңгерушісі *Исмаилова Айжан Ерлепесовна* облыс колледждерінің педагогтері арасында өткен жасанды интеллект бағытындағы кәсіби байқауда *І орын иеленді!*
Байқаудың *І кезеңінде* «Жасанды интеллектіні қолдану салалары» тақырыбында Scaffolding, Skills және CLIL әдістеріне негізделген инновациялық сабақ ұсынылды. Сабақ барысында *VR көзілдірігі, 3D принтер, AI смарт-көзілдірік, ақылды сақина, тері анализаторы, электронды аудармашы құрылғылар және портативті фотопринтер* сияқты заманауи технологиялардың практикалық мүмкіндіктері көрсетілді.
*ІІ кезеңде – «Педагог + AI»* бағыты бойынша жасанды интеллект көмегімен медициналық мазмұндағы интерактивті ойын, деңгейлік тапсырмалар және Soft Skills дағдыларын дамытуға арналған авторлық цифрлық шешімдер әзірленіп, қорғалды.
Сонымен қатар, педагогтің *Hand AI, AI Quiz, AI Teacher* авторлық цифрлық платформалары таныстырылды.
✨ *Бұл жетістік – жасанды интеллект, инновациялық педагогика және заманауи технологияларды білім беру үдерісінде тиімді ұштастырудың нәтижесі!*
Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!
#ЖамбылЖоғарыМедициналықКолледжі #ЖасандыИнтеллект #ПедагогAI #ІОрын #ЦифрлықБілім #ИнновациялықОқыту #ЗаманауиТехнологиялар


