ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ»

Бөлісу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы, Ақпараттық технологиялар орталығының меңгерушісі  Исмаилова Айжан Ерлепесовна облыс колледждерінің педагогтері арасында өткен жасанды интеллект бағытындағы кәсіби байқауда І орын иеленді!

Байқаудың І кезеңінде «Жасанды интеллектіні қолдану салалары» тақырыбында Scaffolding, Skills және CLIL әдістеріне негізделген инновациялық сабақ ұсынылды. Сабақ барысында VR көзілдірігі, 3D принтер, AI смарт-көзілдірік, ақылды сақина, тері анализаторы, электронды аудармашы құрылғылар және портативті фотопринтер сияқты заманауи технологиялардың практикалық мүмкіндіктері көрсетілді.

ІІ кезеңде – «Педагог + AI» бағыты бойынша жасанды интеллект көмегімен медициналық мазмұндағы интерактивті ойын, деңгейлік тапсырмалар және Soft Skills дағдыларын дамытуға арналған авторлық цифрлық шешімдер әзірленіп, қорғалды.

Сонымен қатар, педагогтің Hand AI, AI Quiz, AI Teacher авторлық цифрлық платформалары таныстырылды.

Бұл жетістік – жасанды интеллект, инновациялық педагогика және заманауи технологияларды білім беру үдерісінде тиімді ұштастырудың нәтижесі!

Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

#ЖамбылЖоғарыМедициналықКолледжі #ЖасандыИнтеллект #ПедагогAI #ІОрын #ЦифрлықБілім #ИнновациялықОқыту #ЗаманауиТехнологиялар