Тәрбие сағаты

Бөлісу

2026 жылғы 4 қарашада Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» бөлімінің 109М-9/26 тобының студенттерімен топ кураторы Байбосынова А.С. бірлесе отырып, «Нашақорлықтың отбасы мен болашаққа тигізер зияны» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Студенттерге нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасына, қоғамға және болашақ өміріне тигізетін зияны туралы түсінік беру. Салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты барысында топ кураторы нашақорлықтың қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі екендігін атап өтті. Есірткіге тәуелділіктің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік өміріне тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндірді.

Сонымен қатар нашақорлықтың отбасы ішіндегі қарым-қатынасқа кері әсері, ата-ана мен бала арасындағы сенімнің жоғалуы, отбасылық жанжалдар мен әлеуметтік қиындықтардың туындауы жөнінде айтылды.

Студенттерге нашақорлыққа әкелетін себептер, оның алдын алу жолдары және зиянды әдеттерден бас тартудың маңыздылығы түсіндірілді.

Тәрбие сағаты барысында студенттер тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Нашақорлықтың жастардың болашағына тигізетін кері әсері талқыланып, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.