Тәрбие сағаты

Бөлісу

2026 жылғы 6 қарашада Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» бөлімінің 114 ЕФ-9/26 тобының студенттерімен топ кураторы Қосаева Гүлнұр Тайұзаққызының ұйымдастыруымен «Вейп және синтетикалық есірткілердің қаупі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – студенттерге вейп пен синтетикалық есірткілердің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамға тигізетін зиянды әсерін түсіндіру, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстануға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты барысында вейптің құрамындағы зиянды заттардың ағзаға әсері, синтетикалық есірткілердің қауіптілігі және олардың адам өміріне тигізетін кері әсері туралы кеңінен ақпарат берілді.

Студенттер тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты және қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді.

Іс-шара соңында жастарға зиянды әдеттерден аулақ болып, денсаулықты сақтаудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.