2026 жылғы 6 қарашада Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» бөлімінің 104 М-9/26 тобының студенттерімен топ кураторы Рахметлдаева Асел Турсыновнаның ұйымдастыруымен «Нашақорлықтың отбасы мен болашаққа тигізер зияны» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – студенттерге нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасына және болашағына тигізетін кері әсерін түсіндіру, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Іс-шараға арнайы қонақтар қатысты:
- «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Қалымбетова Ж.Б.
- Құқық бұзушылықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі Усенов Р.Б.
Қонақтар тәрбие сағаты барысында сөз сөйлеп, нашақорлықтың адам өміріне тигізетін зияны, оның әлеуметтік және құқықтық салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттерге құқық бұзушылықтан аулақ болу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, дұрыс өмірлік таңдау жасау жөнінде маңызды кеңестер берді.
Тәрбие сағаты барысында студенттер тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап берді. Нашақорлықтың алдын алу, отбасындағы қарым-қатынастың маңызы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында студенттерге нашақорлықтан аулақ болу, уақытты тиімді пайдалану және болашаққа жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылды.


