Ақпараттық технология мамандарымен кездесу

Бөлісу

2026 жылдың 14 мамыр күні SMART BALA» жобасы аясында техникалық шығармашылық форматында жасалған инновациялық идеялардың «Startup» конкурсы бойынша Ақпараттық технология мамандары: Сейдазимов Айбек Болатбекұлы және
Рысқұлбеков Қайрат Рәпілбекұлымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «SMART BALA» жобасы аясында өткен техникалық шығармашылық бағытындағы инновациялық идеялардың «Startup» конкурсы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің тың жобалары мен креативті бастамаларын ұсынды. Байқау барысында білім алушылардың заманауи технологияларға қызығушылығы, шығармашылық қабілеті көрінді. Конкурс жас өнертапқыштардың жаңа идеяларын қолдап, болашаққа сенімді қадам жасауына мүмкіндік берді.

Жауапты: Тәрбие ісінің меңгерушісі: Айдабосынова Ж.Н. және информатика пәнінің оқытушысы: Чинасилова К.О.