КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ – САПАЛЫ БІЛІМ МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ КЕПІЛІ

Бөлісу

 

2026 жылғы 29–31 қазан күндері Түркістан қаласында, Түркістан жоғары медициналық колледжінің базасында «Денсаулық сақтау жүйесінің гендерлік зорлық-зомбылық жағдайларына ден қою мәселелерін медициналық колледждердің оқу процесіне енгізу» тақырыбында оқыту тренингі өтті.

Аталған оқытуға Жамбыл жоғары медициналық колледжінен «Акушер ісі» бөлімінің меңгерушісі, акушерия және гинекология пәнінің оқытушысы А.М. Баянгалиевна, офис-регистратор меңгерушісі, «Мейіргерлік технологиялар» пәнінің оқытушысы С.Г. Бибосынова, колледж психологы А.Н. Оскенбаева қатысып, 30 сағаттық (1 кредит) оқу бағдарламасын сәтті аяқтады.

Тренинг барысында денсаулық сақтау жүйесіндегі гендерлік зорлық-зомбылық мәселелеріне ден қою, медициналық білім беру үдерісінде осы бағыттағы білім мен дағдыларды қалыптастыру мәселелері қамтылды.

Кәсіби білім мен тәжірибені жетілдіруге бағытталған мұндай оқыту бағдарламалары мамандардың біліктілігін арттырып, білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.