2026 жылғы 28 мамыр күні «Белсенді өмір – өзіңнің жарқын болашағың» тақырыбында фестиваль өткізілді. Іс-шара барысында колледждің қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысқан жүлдегерлер мен бітіруші топтардың студенттері марапатталды. Сонымен қатар, студенттік кәсіподақ ұйымы мерекелік фуршет ұйымдастырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 1-3 курс студенттері бітіруші түлектерге ізгі тілектерін арнап, естелік сыйлықтарын табыс етті. Фестиваль студенттер арасында достық пен бірлікті, жас буын мен аға буын арасындағы ізгілікті нығайтып, бітіруші түлектер үшін жарқын естеліктерге толы әсерлі шараға айналды.






