2026 жылғы 10 қарашада Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» бөлімінің 208 М-9/25 тобының студенттерімен топ кураторы Жексеналиева А.Н. «Қаржылық бопсалау мен криминалдық субмәдениеттерді жою» тақырыбында профилактикалық тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шара барысында студенттерге қаржылық бопсалаудың түрлері, оның құқықтық жауапкершілігі мен зардаптары, криминалдық субмәдениеттердің жастар тәрбиесіне кері әсері туралы маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар алаяқтық әрекеттерден сақтану, жеке қаржылық деректерді қорғау, күмәнді ұсыныстарға ермеу және заң талаптарын сақтау жолдары түсіндірілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, криминалдық субмәдениеттерге қарсы көзқарас тәрбиелеу және студенттерді заңға бағынатын, жауапты азамат болуға тәрбиелеу.
Есіңде болсын: заңды білу – өзіңді қорғау, ал дұрыс таңдау жасау – жарқын болашақтың кепілі!




