Профилактикалық тәрбие сағаты

Бөлісу

2026 жылғы 10 қарашада Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» бөлімінің 310 М-9/24 топ студенттерімен топ кураторы Бердіш Н.Б. «Вейп, синтетикалық есірткілердің қаупі және нашақорлықтың отбасы мен болашаққа тигізер зардабы» туралы профилактикалық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында вейп пен синтетикалық есірткінің адам денсаулығына тигізетін зияны, тәуелділіктің ауыр зардаптары, нашақорлықтың отбасы мен қоғамға әсері туралы маңызды ақпараттар берілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – жастардың зиянды әдеттерге қарсы көзқарасын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және өз болашағы үшін жауапты шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Есіңде болсын: денсаулық – баға жетпес байлық, ал болашақ – өз қолыңда!