Семинар «ASSIMA MAHMUD MATH LAB»

Бөлісу

2026 жылғы 18 қарашада Жамбыл жоғары медициналық колледжі математика пәнінің оқытушысы Махмұд А.Р. TALAP коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Білім беру процесіндегі жасанды интеллект құралдары: оқытудың тиімділігін арттыру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында «ASSIMA MAHMUD MATH LAB: математиканы оқытудағы авторлық цифрлық ресурстар мен интерактивті мүмкіндіктер» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында авторлық цифрлық математикалық зертхананың мүмкіндіктері таныстырылып, жасанды интеллект құралдарын білім беру процесінде тиімді пайдалану, цифрлық ресурстар арқылы студенттердің танымдық белсенділігін арттыру және заманауи оқыту әдістерін сабақ тәжірибесіне енгізу жолдары ұсынылды.