Тараз қаласында А.Х.Дулати атындағы университетте «Салауатты Қазақстан » аясында «Дене шынықтыру – дені сау ұрпақ пен белсенді өмір салтының негізі » тақырыбында облыстық конференция өтті. Аталған конференцияға «Емдеу ісі » бөлімінің студенттері, колледж студенттері парламентінің президенті, 318 топ студенті Омар Нұргелді мен 314 топтан колледждің белсенді студенті Сұлтанхан Амина
есімді студенттер қатысып дипломдар иеленді. Жетекшісі «Жұқпалы аурулар » пәнінің оқытушысы, колледждің «Денсаулық» клубының жетекшісі Блейменова Ботакоз Бекайдаровна. Конференция барысында жетекші де ортаға шығып , салауатты өмір салтын ұстанудың қағидалары жайлы айтып, өз ойын ортаға салды және алғыс хат иеленді. Конференция тартымды, мағыналы болып өтті






