«Қауіпсіз орта: буллинг пен кибербуллингке жол жоқ!»

Бөлісу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің Қолданбалы бакалавр бөлімінің 241 ҚБ-11/25 тобының студенттерімен «Қауіпсіз орта: буллинг пен кибербуллингке жол жоқ!» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Мақсаты: студенттерге буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдарын түсіндіру, өзара сыйластық пен мейірімділікке тәрбиелеу, интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, әр студенттің құқықтары мен жеке шекарасын құрметтеуге, қиын жағдайларда бір-біріне қолдау көрсетуге үйрету.

Бір-бірімізді құрметтейік!
Мейірімділік пен жанашырлық танытайық!
Киберкеңістікте жауапкершілікті сақтайық!
Буллинг пен кибербуллингке жол бермейік!

Қауіпсіз орта – өзара құрметтен басталады!

Топ кураторы: Сайлаубаева Назерке Нұрланқызы