2026 жылғы 18 қарашада Жамбыл жоғары медициналық колледжінде ата-аналар мен қамқоршы қорғаншылар мен арасында «Балаға қамқорлық – жүректен, жауапкершілік – міндеттен» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата-ана мен қамқоршы-қорғаншылардың жауапкершілігін арттыру, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, отбасы мен колледж арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Дөңгелек үстел барысында бала құқығы, отбасы тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі және балаға психологиялық қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, түрлі жағдаяттарды талдап, пікір алмасты. Сонымен қатар психологиялық жаттығулар мен топтық тапсырмалар ұйымдастырылды.
Кездесу соңында қатысушылар балаға мейірім мен қамқорлық таныту, оның пікірін құрметтеу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және колледж бен тығыз байланыста болу жөнінде ортақ шешім қабылдады.
Балаға қамқорлық – баршамызға ортақ міндет! Әр бала мейірім мен махаббатқа бөленіп өссін!

