Семинар «Бала үнсіз қалғанда… Ата-ана нені байқауы керек?»

Бөлісу

«Бала үнсіз қалғанда… Ата-ана нені байқауы керек?» тақырыбында семинар өткізілді.

2026 жылғы 20 қарашада Жамбыл жоғары медициналық колледжінде ата-аналарға арналған семинар өтті.

Семинар барысында «Студент» медициналық ұйымының дәрігері Ж.Т. Бәшім EMDEU AI+ цифрлық жүйесінің мүмкіндіктерін таныстырды. Жастар денсаулығы орталығының психологы А.Т. Жаркимбекова балалармен ашық қарым-қатынас орнату және олардың психологиялық жағдайына көңіл бөлу жөнінде кеңес берді.

Тәрбие бөлімінің меңгерушісі Ж.Н. Айдабосынова отбасы мен колледж арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Колледж психологы А.Н. Оскенбаева баланың мінез-құлқы мен көңіл күйіндегі өзгерістерді дер кезінде байқап, оған қолдау көрсетудің қажеттілігіне тоқталды.

Семинардың негізгі мақсаты – ата-аналардың бала денсаулығына жауапкершілігін арттыру, оның психологиялық жағдайына назар аудару және отбасында сенім мен түсіністік қалыптастыру.

Жауаптылар: тәрбие бөлімі, колледж психологтары.

#ПҚ