«Әділет» партиясы өкілдерімен кездесу өтті
2026 жылғы 13 қарашада Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының өкілдері оқытушылар және студенттермен кездесу өткізді.
Кездесуге облыстық филиал төрағасының кеңесшісі Рахия Сейітбекқызы Тұрмаханбетова және әйелдер қанаты жетекшісінің орынбасары Данеш Шайхықызы Ускумбаева қатысты.
Кездесу барысында ел дамуының басым бағыттары, атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, цифрлық экономиканы қалыптастыру, отбасылық табысты арттыру, цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллект технологияларын дамыту мәселелері талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды елдегі маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен таныстыру, азаматтық белсенділікті арттыру және қоғам мен партия арасындағы байланысты нығайту.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, оқытушылар мен студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Іс-шара қатысушылардың ел болашағы мен қоғам дамуына қатысты ой-пікір алмасуына мүмкіндік берді.



