Ашық сұхбат «Құндылықтар жүйесі: Жақсы мен жаманды қалай ажыратамыз?»

Бөлісу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, діни сауаттылығын арттыру және теріс діни ағымдардың ықпалының алдын алу мақсатында «Құндылықтар жүйесі: Жақсы мен жаманды қалай ажыратамыз?» тақырыбында ашық сұхбат өткізілді.

Іс-шараны колледждің тәрбие бөлімінің және ҚБАЖ меңгерушісі Р.Б. Усенов пен Діни сауаттылықты дамыту кеңесінің жетекшісі А.С. Байбосынова ұйымдастырды.

Кездесуге 224, 110, 109 және 111-топ студенттері қатысты.

Іс-шараның арнайы қонақтары:  Тараз қаласы Әулиеата ауданы әкімінің аппаратының әлеуметтік қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету және мәдениет бөлімшесінің бас инспекторы Муратбаев  Ғани Асилханович; Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің теолог маманы  Қултаев Сержан Парімұлы.

Ашық сұхбат барысында студенттерге дәстүрлі дініміздің құндылықтары, діни сауаттылықтың маңызы, түрлі теріс діни ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу жолдары туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар жастардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, жақсы мен жаманды ажырата білу, сыни ойлау және ұлттық-рухани құндылықтарды құрметтеу мәселелері талқыланды