Тәрбие сағаты

Бөлісу

13.05.2026ж. күні “Жамбыл жоғары медициналық колледжінде” «Интернет алаяқтардың айласы» және «Жалған ақпарат пен радикалды идеологиядан сақ бол!» тақырыптарында 221ЕФ-9/24 тобының кураторы Айманбетова Н.А. және 224ЛД-9/24 тобының кураторы Батанова А.Е. тәрбие сағатын өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттерге интернет алаяқтарының айла-тәсілдері туралы түсіндіру, жалған ақпараттың зиянын жеткізу, радикалды идеологияның қауіптілігі жөнінде ақпарат беру және жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында интернеттегі алаяқтықтың түрлері, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттар мен күмәнді діни ағымдардың белгілері талқыланды. Студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, ақпаратты дұрыс саралау мен қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ойларын айтты.