«Достық пен бірлік – ел тірегі» тақырыбында тағылымды кездесу.

Бөлісу

«Достық пен бірлік – ел тірегі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті

2026 жылғы 29 қыркүйекте Жамбыл жоғары медициналық колледжінде жастар арасында қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту мақсатында «Достық пен бірлік – ел тірегі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Іс-шараға «Қарашайлар мен балкарлар – Архыз» этномәдени қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Узденова Леля Ахматовна және «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшысы Жалпанова Риана қатысып, студенттермен пікір алмасты.

Кездесуде қоғамдық келісім, достық, өзара сыйластық және этносаралық татулықтың маңызы сөз болып, жастардың ел бірлігін нығайтудағы жауапкершілігі атап өтілді.

Іс-шара барысында колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қуанышбекова сөз сөйлеп, студенттерді қоғамдық өмірге белсенді араласуға шақырды. Әлеуметтік педагог А.А. Буксукбаева кездесуді жүргізсе, колледж психологы К. Сүйінбекұлы студенттерге сенім, сыйластық және ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған психологиялық тренинг өткізді.

Тағылымды кездесу жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, достық пен бірлік құндылықтарын дәріптеуге ықпал етті.

Жауаптылар:
Тәрбие бөлімінің меңгерушісі – Ж. Айдабосынова
Әлеуметтік педагог – А. Буксукбаева