29.09.2026 жылы Қарттар күні мерекесінің қарсаңында 110М-9/26 топ кураторы Байбосынова А.С. 111СД-9/26 топтары кураторы Э.Б.Бердалиева «Еңбегімен еленген жандар» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуге құрметті қонақ ретінде колледжіміздің ардагер ұстаздары Л.М. Кузнецова мен Н.Т. Маханбетова шақырылды.
Студенттер қонақтарды жылы қарсы алып, өлеңдер оқып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ардагер ұстаздардың әңгімелерін зор ықыласпен тыңдады.





