7.10.2026 жылы «Заң мен тәртіп» жобасы аясында, АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Н. Шыныбаев «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың ерлігін өскелең жас ұрпаққа насихаттау, студенттерге патриоттық тәрбие беру және қылмыстың, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаментінде орналасқан мұражайға және Жедел басқару орталығына экскурсияға барды. Экскурсия барысында мұражай басшысы Г.Ю. Зияутдинова 1 курс студенттеріне полиция қызметкерлерінің жұмыстарын таныстырып, бейнеролик көрсетті. Жедел басқару орталығының аға инспекторы, полиция майоры А.Смагулов «Құқық бұзушылықтардың алдын алу», «Буллинг», «Кибербуллинг», «Интернеттегі құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



