«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА ОРТА, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!»

Бөлісу

 

09.10.2026 күні «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА ОРТА, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!» экологиялық акциясы аясында колледж аумағын тазарту сенбілігі ұйымдастырылды.

Тазалық – мәдениеттіліктің белгісі, табиғатқа деген құрметтің көрінісі. Туған жердің көркеюі мен қоршаған ортаның тазалығы – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Осы мақсатта елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында колледж аумағын абаттандыруға және тазалықты сақтауға бағытталған сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбіліктің басты мақсаты – колледж аумағының тазалығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру.

Сенбілік барысында колледждің  қызметкерлері   оқу орнының айналасын тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.  Сенбілікке қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, жиналған қалдықтарды арнайы орындарға жинап, колледж аумағының көркін арттыруға өз үлестерін қосты. Тазалық жұмыстары – жай ғана қоқыс жинау емес, ол – ортақ іске деген құрметтің, бірліктің және азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Әрбір тазартылған аумақ, әрбір күтілген ағаш пен әрбір жасыл желек – болашаққа жасалған қамқорлық.

«Таза Қазақстан» – әрқайсымыздан басталады!