Кураторлық сағат

Бөлісу

13.05.2026 жылы Жамбыл Жоғары медициналық колледжінде 137Ф-11/25 тобының студенттерімен топ кураторы Әділ А.Б.-ның ұйымдастыруымен “Интернет алаяқтарының айласы” тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: Студенттерге интернет алаяқтарының түрлері мен айла-тәсілдері туралы түсінік беру, жеке мәліметтерді қорғауға үйрету және киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Кураторлық сағатта студенттерге интернет алаяқтарының қазіргі қоғамдағы қауіптілігі түсіндірілді. Әртүрлі алаяқтық түрлері (жалған сілтемелер, фишинг, жалған ұтыс ойындары, банк картасы арқылы алдау, әлеуметтік желідегі алаяқтық) туралы бейне мен мысалдар көрсетілді. Студенттер топтық талқылауға қатысып, күмәнді хабарламаларды ажырату жолдарын айтты. Іс-шара соңында интернетте қауіпсіздік сақтау ережелері қорытындыланып, студенттерге пайдалы кеңестер берілді.