26.05.2026 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сүйене отырып, «Жоғары жүйке қызметі адам ағзасындағы күрделі психикалық іс-әрекеттер» тақырыбында үйірме жұмысының 2025–2026 оқу жылындағы қорытынды ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна өз сөзінде ғылыми-тәжірибелік конференция бұл студенттердің шығармашылық ізденісін арттыруға, кәсіби құзыреттілігін дамытуға, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға және еркін пікір алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаң екенін атап өтіп, конференция қатысушыларына сәттілік тіледі. Колледжде жалпы пәндер бойынша 20 үйірме жұмыс жасайды. Конференцияға үйірме жетекшілері мен үйірме мүшелері үлкен дайындықпен қатысып, өздерінің ғылыми жобаларын, зерттеу жұмыстарын, тәжірибелік ізденістерін және заманауи әдістерін жоғары деңгейде таныстырып, қорғап шықты. Сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша үздік зерттеу жұмыстары I, II, III дәрежелі дипломдармен және арнайы номинациялармен марапатталды. Сонымен қатар студенттік кәсіподақ ұйымы тарапынан конференция қатысушыларына арнайы сыйлықтар табысталды.
І дәрежелі диплом – «Инфекционист» үйірме мүшелері: Омар Нұргелді – 218 топ студенті, Сұлтанхан Амина – 214 топ студенті.
Жетекшісі: Блейменова Б.Б.
І дәрежелі диплом – «Мейірім» үйірме мүшесі: Байдос Назгүл – 207 топ студенті.
Жетекшісі: Бейсенбек Ш.Ж.
ІІ дәрежелі диплом – «Балдырған» үйірме мүшелері: Джанкуразова Динара, Дурсуноглы Шенгуль – 311 топ студенттері, Хаджидаут Мерей, Алтынбек Салтанат – 305 топ студенттері.
Жетекшісі: Джантасова Р.У.
ІІ дәрежелі диплом – «Флора» үйірме мүшелері: Алиева Назлиханым, Салоева Фарангиз – 138 топ студенттері.
Жетекшісі: Байғани А.Ж.
ІІ дәрежелі диплом – «Ізденуші биолог» үйірме мүшелері: Матвей Нұрай, Пәрін Ақнұр – 114 топ студенттері.
Жетекшісі: Кобегенова А.Т.
ІІІ дәрежелі диплом – «Жас химик» үйірме мүшесі: Әшімхан Ажар – 118 топ студенті.
Жетекшісі: Ташмаханбетова А.С.
ІІІ дәрежелі диплом – «Шипагер» үйірме мүшесі: Аюпова Айша – 136 топ студенті.
Жетекшісі: Асанова Ұ.Х.
ІІІ дәрежелі диплом – «Эврика» үйірме мүшелері: Қалкен Асылжан, Шаки Нұрай – 115 топ студенттері.
Жетекшісі: Махмұд А.Р.
ІІІ дәрежелі диплом – «Адал жандар» үйірме мүшесі: Ханай Еркеназ – 204 топ студенті.
Жетекшісі: Сайлаубаева Н.Н.
Номинация иегерлері:
- «Ғылыми жаңашылдық» номинациясы – «Занимательная грамматика» үйірме мүшелері: Файратова Филис – 121 топ студенті, Мухамедшарипова Асалат – 110 топ студенті.
Жетекшісі: Бердалиева Э.Б. - «Үздік баяндама» номинациясы – «Шамшырақ» үйірме мүшесі: Жумакова Тахмина – 104 топ студенті.
Жетекшісі: Абдалимова З.И. - «Үздік ғылыми ізденіс» номинациясы – «Микробтар әлемі» үйірме мүшесі: Жексенбай Жансая – 126 топ студенті.
Жетекшісі: Аманбекова А.А. - «Ғылыми жаңашылдық» номинациясы – «Рефлекс» үйірме мүшесі: Халилова Фатима – 136 топ студенті.
Жетекшісі: Юсупова Н.Т. - «Жас зерттеуші» номинациясы – «Алтын стетоскоп» үйірме мүшесі: Абдуллин Рафаиль – 127ЕФ-11/25 топ студенті.
Жетекшісі: Махамбетқұл Л.М.
Белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталғандар:
- «Скальпель» үйірме мүшесі: Азатқызы Алуа – 412 топ студенті.
Жетекшісі: Даулетов А.М. - «English in action» үйірме мүшесі: Оңалбек Жібек – 220 топ студенті.
Жетекшісі: Кенбаева Н.М. - «Галилео» үйірме мүшелері: Таңат Жансезім, Баймахан Азель – 103 топ студенттері.
Жетекшісі: Чинасилова К.О. - «Жас алаш» үйірме мүшесі: Дәрібек Ұлбосын – 106 топ студенті.
Жетекшісі: Ахметбекова Р.М. - «Нозология» үйірме мүшесі: Тухабай Аяжан – 221 топ студенті.
Жетекшісі: Нұрмаханбетова А.Н. - «Авиценна» үйірме мүшелері: Салихова София, Хусеин-Оглы Нигар, Сулейманоглы Зоя – 223 топ студенттері.
Жетекшісі: Женишбекова М.З.




























