Тәрбие сағаты

Бөлісу

123ЕФ-9/25 тобы студенттерімен «Темекіге қарсы күрес күні» аясында «Темекіден бас тарт – денсаулықты таңда!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шараның мақсаты – жастарға шылым шегудің зияны туралы түсінік қалыптастырып, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға баулу.

Іс-шара барысында студенттер темекі мен электронды темекінің адам ағзасына кері әсері жайлы ақпараттармен танысып, өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен бірге зиянды әдеттердің алдын алу, дұрыс өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде әңгіме өрбіді. Кездесу соңында студенттер салауатты өмір салтын қолдауға және зиянды әрекеттерден бойын аулақ ұстауға шақырылды.

Жауапты куратор: Жексеналиева А.Н.