«ДРОППЕРЛІК ЖӘНЕ АЛАЯҚТЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ТӨНГЕН ҚАУІП»

Бөлісу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» бөлімінің 113ЕФ-9/26 тобының студенттерінің қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және дропперлік әрекеттердің құқықтық салдары туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Дропперлік және алаяқтық – қоғамның қаржылық қауіпсіздігіне төнген қауіп»

тақырыбында 4 қараша күні кураторлық сағат өткізілді.

 

Іс-шара барысында дропперлік ұғымы, оның қоғамға тигізетін зияны, қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлері және жеке қаржылық деректерді қорғау жолдары түсіндірілді.

 

Сонымен қатар студенттерге тақырыптық бейнематериал көрсетіліп, сұрақ-жауап және пікір алмасу ұйымдастырылды. Студенттер өз ойларын ортаға салып, алаяқтық әрекеттерден сақтану, банк картасы мен жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу қажеттілігі туралы маңызды ақпарат алды.

 

⚠️ Есіңізде болсын:

Банк картаңызды ешкімге бермеңіз!

Жеке деректеріңізді жария етпеңіз!

Күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз!