13.11.2026 ж. «Емдеу ісі» бөлімінің 214ЕФ-9/25 топ кураторы Кобегенова А.Т. «Суицидтің алдын алу және эмоционалдық қауіпсіздік қалыптастыру бағытында психологиялық кеңес алаңын өткізу» тақырыбында студенттермен кураторлық сағат өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Студенттер арасында суицидтің алдын алу, психологиялық қолдау көрсету, эмоционалдық қауіпсіздікті қалыптастыру және өмірге деген құндылықты арттыру. Сонымен қатар қиын жағдайларда өз эмоцияларын басқара білуге, көмек сұраудан қорықпауға және бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу.
Куратор сағаты барысында суицидтің алдын алу жолдары, эмоционалдық күйзелістің себептері және психологиялық денсаулықты сақтаудың маңыздылығы талқыланды. Студенттерге қиын өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, жағымсыз эмоциялармен күресу және жақын адамдарынан немесе мамандардан көмек сұраудың маңыздылығы түсіндірілді. Психологиялық кеңес алаңы аясында студенттер өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.





