2026 жылғы 12 қарашада Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 106 М-9/26 тобының студенттерімен «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттерге зорлық-зомбылықтың түрлері, себептері мен салдары туралы түсінік беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтарын қорғауға және өзгелерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Кураторлық сағат барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары, адам құқықтарын қорғаудың маңыздылығы және қоғамдағы өзара сыйластық мәселелері талқыланды.
«Зорлық-зомбылықсыз қоғам – әр адамның қауіпсіздігі мен бақытты өмірінің кепілі. Біз бір-бірімізді құрметтеп, қолдап, түсіністік танытуымыз керек. Ешбір адам қорқынышпен өмір сүруге тиіс емес. Зорлық-зомбылыққа қарсы тұру – баршамыздың ортақ міндетіміз!»


