2026 жылдың 8 сәуір күні Тараз қаласы «Достық үйі», «Мәміле» клубының алғашқы отырысы болды. . «Мәміле» клубының мақсаты – қазақ тілін үйренгісі келетіндер мен тілді меңгерген еріктілерге арналған диалог алаңын құру. Сонымен қатар, қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін, менталитетін және өмірлік құндылықтар жүйесін зерделеу арқылы мемлекеттік тілді үйренуге көзделген. Қазырғы таңда жобаға этномәдени бірлестік өкілдері, «Ассамблея жастарының» мүшелері, мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері, тіл үйренушілер қатысып келеді және пікірталас клубы жобасы өз жұмысын жалғастыруда.

