2026 жылдың 21 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығында «Стресті басқару – өмірге бейімделу» тақырыбында тренинг өтті. Тренингтің мақсаты – студенттердің әлеуметтік ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, қарым-қатынас дағдыларын дамыту және өзіне деген сенімділікті арттыру. Іс-шара қызықты сергіту жаттығуларымен басталып, қатысушылардың белсенділігін арттырды. Тренинг барысында стресс деңгейін төмендету жолдары, жасөспірімдер психологиясының ерекшеліктері, күйзеліс пен жалғыздықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Орталық психологтары Бану Бурибаева мен Аида Назымбекова суицидтің алдын алу бойынша тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Мұндай шаралар жастардың психологиялық саулығын нығайтып, өмірге бейімделуіне үлкен септігін тигізеді.

