2026 жылдың 2 қазанында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының» және «Ұстаздар күні» мерекесіне орай «Ұстазға құрмет – мәңгілік парыз» тақырыбында №2 жалпы кәсіптік пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы оқытушыларының ұйымдастыруымен салтанатты құттықтау іс шарасы өтті.
Іс шараның негізгі мақсаттары: Ұстаз еңбегін құрметтеу, алғыс және сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ұстаздардың еңбегін бағалап, олардың кәсіби қызметіне қолдау көрсету.
Іс шараны алғы сөзбен Жамбыл жоғары медициналық колледжі директорының оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Ляззат Тураровна ашып, ұстаздарға құттықтау лебізін білдіріп, Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасының Құрмет грамотасымен колледж әдіскері Мейрманова Ляззат Касеналиевнаны, оқытушылар Бейсенбаева Айман Ораковнаны, Сарыбаева Кульзира Камшыбековнаны марапаттады. Ұйымдастырушы оқытушылар іс шараны «Менің атым Қожа» фильмінің тәрбиелік және әзілдік желісін қазіргі педагогикалық өмірмен байланыстыра отырып, әріптестерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап және ұжымдық бірлікті нығайтты. Фильм кейіпкерлері бойынша викторина сұрақтары болып, номинациялар берілді. Салтанатты іс шара колледж кәсіподақ ұйымының төрайымы Мураталиева Нуржамал Мухтаровнаның құттықтауымен және кәсіподақ сыйлықтарын тапсыруымен ұштасты.Мерекелік іс шара колледж оқытушыларына керемет көңіл –күй сыйлады.












