«Өндірістегі 10 күн» облыстық акцияға қатысу мақсатында «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК мамандығы «Мейіргер ісі», біліктілігі «Жалпы практикадағы мейіргер» 304 топ студенттері акцияның 5-күн — «Менің кәсіби дағдыларым»
тақырыбы бойынша «Қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығы» ШЖҚ МКК жақын танысты!
Бүгінгі күннің нәтижелері:
Өз бетінше жұмыс жасау: Студенттер тәлімгерлердің жанама бақылауымен практикалық тапсырмаларды өз бетінше орындап, кәсіби дағдыларының деңгейін көрсетті.
Мейіргерлік манипуляциялар: Науқастарды қарау, өмірлік маңызды көрсеткіштерді бағалау және емшараларды орындау дағдылары сапалы түрде пысықталды.
Өзін-өзі бағалау: Әрбір студент жасаған жұмысына талдау жасап, өз бойындағы кәсіби сенімділік пен жауапкершілікті сезінді.
Студенттеріміздің теориялық дайындығы мен іс-тәжірибесі нақты өндірістік ортада жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Болашақ мейіргерлер жаңа белестерді бағындыруға дайын!
Ертең бізді ұжымда жұмыс істеу және коммуникация дағдыларын дамытатын «Soft Skills күні» күтіп тұр.




