Экскурсия

Бөлісу

Колледждің бірінші курс студенттеріне экскурсия-сабақ өткізу

107СД-9\26 және 111СД-9\26 топтарының кураторы Бердалиева Э.Б. бірінші курс студенттеріне колледж бойынша экскурсия өткізді.
Экскурсияның мақсаты: колледждің 1-курс студенттерін оқу орнының негізгі бағыттарымен, ресурстары мен мүмкіндіктерімен таныстыру. Атап айтқанда: оқу кабинеттері, кітапхана, асхана, колледж әкімшілігінің кабинеттері, медициналық пункт, гимнастикалық зал, тестілеу орталығы, студия, коворкинг-орталық, анатомия кабинеті, компьютерлік кабинеттер, мұражай, конференц-зал, спорт залы және спорт алаңымен таныстыру.
Сонымен қатар экскурсия студенттер арасында өзара қарым-қатынас пен достықты қалыптастыруға, колледж өміріне бейімделуіне қолайлы әрі жайлы орта құруға бағытталды.
Экскурсия жылы әрі достық атмосферада өтті. Студенттер колледждің құрылымы мен мүмкіндіктеріне қызығушылық танытып, белсенді қатысты.