Без рубрики
Бөлісу

Бөлімдер

Мамандығы: 030100 0 – «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 030101 3 – «Фельдшер»

 

«Фельдшер» біліктілігіне арналған оқу  бітірушілердің кәсіптік  қызметтерінің түрлері:

  • ауруханаларда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда (ДА), фельдшерлік-акушерлік пункттерде (ФАП), медициналық-санитарлық алғашқы жәрдем (МСАЖ) орталықтарында емдік-диагностикалық  шараларға, әртүрлі жас аралықтарында  науқастарға алғашқы медициналық және санитарлық көмек көрсетуге қатысу;
  • Шұғыл және келеңсіз жағдайларда дәрігерлерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету, науқастың жағдайын бағалау;
  • Медициналық мекемелерде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтау;
  • Эпидемияның шұғыл жағдайында жаппай зақымдану ошағындағы тұрғындарға медициналық көмек көрсету;
  • Жаңа ақпараттық технологияларды, әдістемелерді, ақпараттарды беру және сақтауды қолдану;
  • Науқасты реабилитациялауға және әлеуметтік қорғаныс органдарының, қайырымдылық қызметтерімен бірлесіп интернат үйлеріне, жалғызбастылар хоспистеріне, қарттарға, мүгедектерге және созылмалы ауруы бар науқастарға көмек көрсету және орналастыруды ұйымдастыруға қатысу;
  • Науқастармен және олардың жанұяларымен бірігіп жұмыс жасау, науқастың құқығын сақтау және әртүрлі жас топтарындағы тұрғындардың денсаулығын демеу және нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
  • Науқастардың денсаулығы үшін қатерлі ықпалдар (физикалық, психикалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б) жөніндегі және осы ықпалдардың денсаулыққа әсері жөніндегі сұрақтар бойынша тұрғындарға кеңес беру;
  • Әр жас кезеңіндегі науқасты және оның жанұясын денсаулық сақтау мәселелері бойынша оқыту, күтім көрсету;
  • Ерте жастағы балаларды тамақтандыру (емшек сүтімен, қосымша), психоәлеуметтік дамуы, шынықтыру, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге, мектепке, кәсіптік бейімдеу мәселелері бойынша кеңестер жүргізу;
  • Әр жас кезеңіндегі балалардың нервтік-психикалық дамуы, иммунопрофилактика, диспансерлік бақылау жөніндегі сұрақтар бойынша кеңес беру;
  • Қазіргі тәсілдерді қолдана отырып диагностикалау және салыстырмалы диагностика жүргізу, сондай ақ балаларда жиі кездесетін ауруларды емдеу және алдын-алуды жүзеге асыру;
  • Алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдарда нормативтік құжаттарды рәсімдеу;
  • Қызметтестермен брігу және бірлесе жұмыс істеу;
  • Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.