Су – тіршілік көзі, табиғаттың ең бағалы байлықтарының бірі. Жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың өмір сүруі үшін судың маңызы зор. Сондықтан оны болашақ үшін қорғау әрқайсымыздың азаматтық жауапкершілігіміз.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» бөлімінің 113ЕФ-9/26 тобының студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында «Суды үнемде – болашақ үшін сақта!» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында су ресурстарының адам өміріндегі маңызы, суды үнемдеудің тиімді жолдары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды. Тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, студенттермен сұрақ-жауап жүргізілді. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, суды үнемдеудің күнделікті өмірдегі маңызын түсінді.
Суды бағалайық!
Табиғатты қорғайық!
Экологиялық мәдениетті бірге қалыптастырайық!






