28 қазан 2026 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Адал Азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында «Қауіпсіз орта: буллинг пен кибербуллингке жол жоқ» тақырыбында «Мейіргер ісі» бөлімінің кураторы Жантохова Г.Н., «Мейіргер ісі» бөлімі 405М-9/23 топ студенттерімен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында студенттерге өз құқықтарын қорғай білуді, қиын жағдайда кімнен көмек сұрау керектігін үйрену, психологиялық қысымға қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру және өзгелерге зиян келтірмеу бойынша көптеген тың мәліметтер берілді. Тәрбие сағатына Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Усенов Рахат Бакенович қатысты.
Тәрбие сағатының мақсаты:
1.Колледж студенттер арасында өзара сыйластық пен достық атмосферасын қалыптастыру, қудалау (буллинг) мен желідегі зорлық-зомбылықтың (кибербуллинг) алдын алу және оған қарсы тұру дағдыларын дамыту.
- Интеллектуалды және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.
- Студенттер бір-біріне құрметпен, әділ қарауға, айтқан сөзіне жауап беруге және әлсізге қамқор болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында студенттерден буллинг және кибербуллингке байланысты сауалнамалар мен сұрақ-жауаптар алынды.









