2026 жылдың 20-29 қазан айының аралығында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқытушылары А.Е. Исмайлова мен К.Сүйінбекұлы және 3 курс студенттері Қабылбек Кәусар Русланқызы, Кеңес Али Ратбекұлы ,Надирова Мерей, Жүрсін Дария Қуанышқызы Түркия елінің Анталья қаласына академиялық ұтқырлықпен тәжірибе алмасу мақсатында іс сапармен барып қайтты.
Мақсаты – медициналық білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелермен танысу, академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мейіргерлік білім берудің заманауи әдістерін зерделеу, студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және халықаралық әріптестік байланыстарды нығайту және тәжірибе алмасу. Сапар барысында студенттер Түркияның медициналық білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің ерекшеліктерімен танысу мақсатында медициналық мекемелерге экскурсияға барып, тыныс тіршілігімен танысып, келесі тақырыптарды дәріс алды;
* Пациенттерді қабылдау және сұрыптау (триаж) жүйесі;
* Мейіргерлік күтім мен пациент қауіпсіздігі;
* Ауруханаішілік инфекциялық бақылау;
* Медициналық этика, биоэтика және деонтология;
* Хирургия, травматология, педиатрия және оңалту бөлімдерінің жұмысы;
* Мейіргерлердің клиникалық дағдылары мен практикалық даярлығы бағыттары бойынша тәжірибелік бақылау жүргізілді.
Сонымен қатар медициналық білім берудегі теориялық және практикалық оқытудың үйлесімділігі, клиникалық дағдыларды қалыптастыру және студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Білім беру сапары тек кәсіби тәжірибемен шектелмей, екі ел арасындағы мәдени және рухани байланысты нығайтуға да мүмкіндік берді. Студенттер түрік елінің мәдениетімен, салт-дәстүрімен, білім беру жүйесімен танысып, шетелдік студенттермен, әріптестермен пікір алмасып, халықаралық қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастырып халықаралық сертификаттарға ие болды:
Жамбыл жоғары медициналық колледжінің ақпараттық технологиялар орталығының меңгерушісі Исмаилова Айжан Ерлепесовна, колледж психологы Сүйінбекұлы Кәрім Түркияның Анталья қаласындағы Özel Antalya Şifa Sağlık Koleji тарапынан екі бірдей сертификатпен марапатталды:
- Қазақстан мен Түркияның білім беру ұйымдары арасындағы «Бауырлас оқу орындары» (Kardeş Okul) бағдарламасы аясында мәдени, академиялық және әлеуметтік бағыттағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін табысталды.
- 2026 жылы Анталья қаласында өткен «Қазақстан–Түркия жас медицина мамандарының білім сайысын» ұйымдастыруға, байқау тапсырмаларын әзірлеуге және халықаралық білім сайысының табысты өтуіне қосқан үлесі үшін берілді.
Колледж студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында сертификаттармен марапатталды.
















