Тобы:243 ҚБ-11/24
Бөлім: Мейіргер ісі
Өткізілетін күні: 13.05.2026 ж.
Қатысқаны:21
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Интернет ойындары мен бәс тігудің зияны»
Мақсаты: Тәрбие сағатының мақсаты – студенттерге интернет ойындары мен бәс тігудің адам өміріне, денсаулығына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік ортасына тигізетін зиянын түсіндіру. Сонымен қатар жастарды уақытты тиімді пайдалануға, салауатты өмір салтын ұстануға, жауапкершілікке және зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттердің интернетті қауіпсіз әрі мәдениетті пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Плакат, суреттер
Түрі:Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,сабақтың тақырыбын ашу және пікір алмасу
ІІ. Негізгі бөлім: Қазіргі таңда интернет өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Интернет арқылы адамдар білім алып, ақпарат іздеп, байланыс орната алады. Алайда интернетті дұрыс пайдаланбау көптеген зиянды әдеттердің қалыптасуына алып келеді. Соның бірі – интернет ойындарына тәуелділік пен бәс тігуге қызығушылық. Интернет ойындарына шамадан тыс әуестену адамның психологиялық және физикалық денсаулығына кері әсер етеді. Ұзақ уақыт телефон немесе компьютер алдында отыру көздің көру қабілетінің төмендеуіне, омыртқа ауруларына, ұйқы режимінің бұзылуына және жүйке жүйесінің әлсіреуіне себеп болады. Сонымен қатар ойынға тәуелді адам уақытты тиімсіз пайдаланып, сабаққа деген қызығушылығын жоғалтады, ашушаң және тұйық бола бастайды.
ІІІ. Қорытынды:
«Интернет ойындары мен бәс тігудің зияны» тақырыбындағы тәрбие сағаты студенттердің зиянды әдеттердің салдарын түсінуіне, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және уақытты тиімді пайдалануға бағытталған маңызды іс-шара болды. Бұл тәрбие сағаты жастарды интернетті дұрыс қолдануға, өз денсаулығын сақтауға және болашағына саналы көзқараспен қарауға тәрбиелейді. Зиянды әдеттерден аулақ болу – әр адамның өз болашағына жасаған дұрыс таңдауы екендігі түсіндірілді.
Топ кураторы: Нурланқызы С



